Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Қазақ мұнайы- ғасырлық тарих»

KZ

«Қазақ мұнайының ғасырлық тарихы» тақырыбындағы экспозицияда мұнай саласы бойынша еңбек еткен мұнайшы, бұрғышылар туралы мәліметтер жинақталған.

Қарашүңгіл кен орнындағы №7 ұңғыдан 42 м тереңдіктен алғашқы мұнай бұрқағы 1899 жылы  атқылады.

Жылыой ауданы жерінде мұнайдың мол өндірістік қоры бар екені дәлелденді. Ол Қазақстан мұнайы тарихының басталуы болды.

1926 жылыЖылыой тұрғыны Қызылбасов Бешім геолог П.Я.Авровқа Қосшағыл маңындағы жер бетіне шығып жатқан құм аралас қара майды апарып берген. Бұл Қосшағыл кен орнын ашуға себеп болды.

1932 жылыҚосшағыл кен орнындағы №6 ұңғыдан 490 м тереңдікте тәулігіне 250 т мұнай берді. Бұрғышылар Рақышев Сисен, Дәулетов Тілес, Қарамұрзиев Бисен сияқты мұнайшылар болды.

1935 жылыҚосшағыл кен орнында кәсіпшілік құрылды.

1938 жылы 27 мамырда Құлсары кен орнындағы №10 ұңғыдан мұнай бұрқағы атқылапты. Барлау бұрғылау жұмыстары 1935 жылы басталған. Бұрғылау жұмысын ұйымдастырушысы Сабыр Шәріпов болған. Бұрғышылар Ж.Алдақов, Махамбетов,  Я.Қаржаубаев Құлсары кенін ашушылар қатарында болды.

Құлсары кен орыны 01.01.1939 жылы пайдалануға берілді.

Кен орнында Ұлықпан Әбдірахманов, Зинел Балгенжиев, Мұқанбаев Ақаш, Махутов Әбілғазым, Ұзақбай  Карабалин сияқты  мұнайшыларымыз Социалисттік Еңбек Ері атағын алды. Мұнайшы Досбаева Балғаным  КСРО Жоғарғы Кеңесінің  3 мәрте депутаты болды.  Оның қатарында Бекбосинова Панар, Боранбаева Маржан, Құбаева Рысты сияқты  мұнайшыларымыз да болды.

Социалисттік Еңбек Ері Балгенжиев Зинелдің жеке құжаттары мен  марапаттары.

КСРО депутаты Боранбаева Маржанның мүсіні, жеке бұйымдары, суреттері, киімдері және марапаттары.

«Қарашүңгіл» макетін жасаушы Шалабаев Қуаныш.

Тақырып: Кеңес дәуірі кезеңіндегі  Жылыой өңірі

RU

Жылыойский регион в советский период

В экспозиции «Столетняя история казахстанской нефти» собраны сведения о нефтяниках и буровиках, трудившихся в нефтяной отрасли.

Первый нефтяной фонтан был получен в 1899 году на скважине №7 месторождения Карашунгул с глубины 42 м. На территории Жылыойского района было доказано наличие значительных промышленных запасов нефти. Это стало началом истории казахстанской нефти.

В 1926 году житель Жылыоя Кызылбасов Бешим передал геологу П. Я. Аврову образец темной нефти с примесью песка, выходящей на поверхность в районе Косшагыл. Это стало причиной открытия месторождения Косшагыл.

В 1932 году скважина №6 на месторождении Косшагыл с глубины 490 м дала 250 тонн нефти в сутки. Среди буровиков были Сисен Ракышев, Тилес Даулетов, Бисен Карамузриев.

В 1935 году на месторождении Косшагыл было создано нефтепромысловое предприятие.

27 мая 1938 года на скважине №10 месторождения Кульсары произошел выброс нефти. Разведочное бурение началось в 1935 году. Организатором буровых работ был Сабыр Шарипов. В числе первооткрывателей месторождения Кульсары были Ж. Алдаков, Махамбетов, Я. Каржаубаев.

Месторождение Кульсары было введено в эксплуатацию 01.01.1939 года.

На месторождении трудились нефтяники Улыкпан Абдрахманов, Зинел Балгенжиев, Акаш Муканбаев, Абилгазым Махутов, Узакбай Карабалин, удостоенные звания Героя Социалистического Труда.
Нефтяница Балганым Досбаева трижды избиралась депутатом Верховного Совета СССР. Среди нефтяников также были Панар Бекбосинова, Маржан Боранбаева, Рысты Кубаева.

Представлены личные документы и награды Героя Социалистического Труда Зинела Балгенжиева.
Экспонируются бюст, личные вещи, фотографии, одежда и награды депутата СССР Маржан Боранбаевой.

Макет «Карашунгул» выполнен Куанышем Шалабаевым.

EN

Zhylyoi Region During the Soviet Period

The exhibition “A Century-Long History of Kazakh Oil” presents information about oil workers and drillers who worked in the oil industry.

The first oil gusher was obtained in 1899 from well No. 7 at the Karashungul field at a depth of 42 meters.
It was proven that the Zhylyoi district contains large industrial oil reserves. This marked the beginning of Kazakhstan’s oil history.

In 1926, a resident of Zhylyoi, Beshim Kyzylbasov, brought geologist P. Ya. Avrov a sample of dark, sand-mixed oil emerging on the surface near Kosshagyl. This led to the discovery of the Kosshagyl field.

In 1932, well No. 6 at the Kosshagyl field produced 250 tons of oil per day from a depth of 490 meters. Among the drillers were Sisen Rakyshev, Tiles Dauletov, and Bisen Karamurziev.

In 1935, an oil production facility was established at the Kosshagyl field.

On May 27, 1938, an oil gusher erupted from well No. 10 at the Kulsary field. Exploration drilling began in 1935. The drilling operations were organized by Sabyr Sharipov. Among the discoverers of the Kulsary field were Zh. Aldakov, Makhambetov, and Ya. Karzhaubayev.

The Kulsary field was put into operation on January 1, 1939.

Oil workers such as Ulykpan Abdrakhmanov, Zinel Balgenzhiev, Akash Mukanbayev, Abilgazy Makhutov, and Uzakbay Karabalin were awarded the title Hero of Socialist Labor.
Oil worker Balganim Dosbayeva was elected three times as a deputy of the Supreme Soviet of the USSR. Other oil workers included Panar Bekbosinova, Marzhan Boranbayeva, and Rysty Kubaeva.

The exhibition features personal documents and awards of Hero of Socialist Labor Zinel Balgenzhiev.
It also displays a bust, personal belongings, photographs, clothing, and awards of USSR deputy Marzhan Boranbayeva.

The “Karashungul” model was created by Kuanysh Shalabayev.