KZ
«Өнер саңлақтары- өлке мақтанышы» тақырыбындағы витринада Жылыой ауданы мәдениет саңлақтарының фотосуреттері, марапаттары орналасқан.
Ауданда мәдениет ошақтарының тарихы 30-жылдардағы «қызы отаулардан» басталады. 1932 жылы ауданның сол кездегі орталығы Қаңбақтыда екі клуб болған.
Аудандық мәдениет бөлімін әр жылдарда Тайшабаев Кемал, Ыбыраев Ораз, Қайыржанов Алпамыс, Молдажанов Өтебалы, Қошқаров Төлеш, Кідібасов Қален, Ақназаров Нұрдаулет, Мұхтаров Болат, Шәмшеденов Әйтембек, Ғалымов Манап басқарды.
Өткен ғасырдың 60-70 жылдарымәдени іс-шара кең қанат жайып, жан-жақты өріс алды.
Драма үйірмесі 1957 жылы «Халық театры» атағын жеңіп алды.Халық театрының іргетасын қалаған әртістері Төлеш Қошқаров, Өтебалы Молдажанов, Сұлушаш Молдажанова, Мырзабай Медеубаев, Аққожа Сатқанов, Захар Қабиденов болды.
1981 жылыөткен мәдениет күндерінде Жылыой ауданының өнерпаздары бірінші орынды жеңіп алды. Сыйлыққа автокөлік, 1-дәрежелі диплом тиіп, мәдениет саласы бойынша облыстың ауыспалы Қызыл Туы Жылыой ауданында түпкілікті қалдырылды. 1984-87 жылдары ауданның ұлт-аспаптар оркестрі республикалық «Алатау» теледидарында концертпен эфирге шықты.
1996 жылыаудандық мәдениет үй жанынан «Жылыой сазы» фольклорлық ансамблі құрылды. Жетекшісі Жылгелдиев Амангелді болды. Оның дәлелі мына жерде тұрған суреті, виолончелі, домбырасы, сазсырнайы, мақтау қағаздары.
Әуелетіп салған әндерімен халықтың есінде қалатын Амангелді Орақов, Кенжебай Майлыбаев, Қадір Есенғалиев, Кенжин Өмірзақ сияқты саңлақтарымызға да орын берілді.
***
Ауданда ұлт аспаптары оркестрінің қалыптасуына сазгер, дүлдүл домбырашылар Тоқсанбай Құлтумиев және Зәбен Жарылғасовтың шығармалары жұртшылық арасында кеңінен танымал. Тоқсанбайдың «Өзіңсің ғой өмірімнің бұлбұлы», «Оператор қарындас», «Анашым» әндері, «Комсомол» күйі, ноталары жазылған дәптері сақталған.
Тоқсанбаймен қатар аталатын, қамшының сабындай қысқа ғұмырында өнер әлемінде өзіндік қолтаңбасымен қалған – Зәбен Жарылғасов «Космос», «Ұстазым» күйлерін шығарған композитор, күйші. 1958 жылы Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне ауданымыздан Т.Құлтумиев, З.Жарылғасов сияқты т.б. өнерпаздар қатынасқан.
Т.Құлтумиевтің1959 жылы алған ВЦСПС-тың Мақтау қағазы және Қазақ ССР-і Жоғары Кеңесінің грамоталары алдымызда тұр және ұлы Ғинаят тапсырған домбырасы, жеке жанұялық альбомы, грамоталары, суреттері, дипломдары , нота дәптерлері қойылған.
Зәбен Жарылғасов — 1957 жылы ақ жаулықты анасына арнап «Ана» күйін шығарды. Зәбен Жарылғасов актерлік шеберлігімен де танылған жан. Ембі халық театрында әртүрлі кейіпкерлер образын сомдап, облыстық, республикалық сахналарда өнер көрсетті. 1970 жылы «Халық театрының әртісі» деген арнайы куәлікке ие болды. Осындай сегіз қырлы, бір сырлы жан қамшының сабындай ғана қысқа ғұмыр кешті. 1977 жылдың 26 сәуірінде 42 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Зәбен Жарылғасовтың домбырасын, грамоталарын, суреттерін ұлы Серік Зәбенұлы музейге тапсырды.
***
Кең Жылыойдың бұлбұлы Ғалиева Рабиға Торпаққызы.Ол 1938 жылы 20 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында дүниеге келген. Атақты композитор Ескендір Хасанғалиев аккордеон ойнап, Рабиға апай екеуі ән айтқан. Кең Жылыойдың бұлбұлы Рабиға апамыз:
1957 жылы дүниежүзілік 4-ші жастар мен студенттердің фестивалінде 1-ші орын, диплом және Лауреат медаліне ие болған.
1958 жылы Москвада Бүкілодақтық фестиваль Лауреаты атанады.
Бүкілодақтық фестиваль Лауреаты атанады.
1988 жылы 2-ші Бүкілодақтың Халық өнерпаздарының фестивалінде Лауреат медалімен наградталды.
1994 жылы Есқайыр Халықов атындағы мектепте 28 жыл ұстаз болып еңбек етті.
2018 жылы дүниеден өтті. Ғ.Рабиғаның тіршілікте пайдаланған жеке бұйымдары және алған мақтау қағаздары,суреттері қойылған. Тапсырған зейнеткер ұстаз Мағрипа Тажаяқова.
RU
Витрина «Мастера искусства — гордость края»
В витрине «Мастера искусства — гордость края» представлены фотографии и награды деятелей культуры Жылыойского района.
История культурных учреждений района начинается с «красных юрт» 1930-х годов. В 1932 году в тогдашнем районном центре Канбакты действовали два клуба.
В разные годы районный отдел культуры возглавляли: Тайшабаев Кемал, Ыбыраев Ораз, Кайыржанов Алпамыс, Молдажанов Отебалы, Кошкаров Толеш, Кидибасов Кален, Акназаров Нурдаулет, Мухтаров Болат, Шамшеденов Айтембек, Галымов Манап.
В 1960–70-е годы культурная жизнь района получила широкое развитие и всестороннее распространение.
В 1957 году драматический кружок получил звание «Народный театр». Основателями народного театра стали артисты: Толеш Кошкаров, Отебалы Молдажанов, Сулушаш Молдажанова, Мырзабай Медеубаев, Аккожа Сатканов, Захар Кабиденов.
В 1981 году на Днях культуры артисты Жылыойского района заняли первое место. В награду они получили автомобиль и диплом I степени, а переходящее Красное знамя области в сфере культуры было закреплено за районом на постоянной основе.
В 1984–1987 годах оркестр народных инструментов района выступал с концертами на республиканском телевидении «Алатау».
В 1996 году при районном доме культуры был создан фольклорный ансамбль «Жылыой сазы», руководителем которого стал Амангельдиев Амангельди. В экспозиции представлены его фотография, виолончель, домбра, сазсырнай и почётные грамоты.
Также в витрине представлены выдающиеся исполнители, запомнившиеся своими песнями: Амангельди Ораков, Кенжебай Майлыбаев, Кадир Есенгалиев, Кенжин Омирзак.
***
Значительный вклад в формирование оркестра народных инструментов в районе внесли композиторы и выдающиеся домбристы Токсанбай Култумиев и Забен Жарылгасов, чьи произведения получили широкое признание среди населения.
Среди произведений Токсанбая — песни «Ты — соловей моей жизни», «Оператор-сестра», «Мама», кюй «Комсомол». Также сохранилась его нотная тетрадь.
Наряду с Токсанбаем, яркий след в искусстве, несмотря на короткую жизнь, оставил Забен Жарылгасов — композитор и кюйши, автор произведений «Космос» и «Учитель». В 1958 году в Москве на Декаде казахской литературы и искусства выступали Т. Култумиев, З. Жарылгасов и другие артисты района.
В экспозиции представлены Почётная грамота ВЦСПС, полученная Т. Култумиевым в 1959 году, а также грамоты Верховного Совета Казахской ССР. Здесь же находятся его домбра, переданная сыном Гинаятом, семейный альбом, фотографии, дипломы и нотные тетради.
Забен Жарылгасов в 1957 году посвятил своей матери кюй «Ана». Он также был известен как талантливый актёр: играл различные роли в Ембинском народном театре и выступал на областных и республиканских сценах. В 1970 году получил специальное удостоверение «Артист народного театра».
Будучи разносторонне одарённым человеком, он прожил короткую жизнь. Скончался 26 апреля 1977 года в возрасте 42 лет. Его домбра, грамоты и фотографии были переданы в музей сыном Сериком Жабенулы
Соловей Жылыоя — Галиева Рабига Торпаковна. Она родилась 20 декабря 1938 года в городе Уральск Западно-Казахстанской области.
Известный композитор Ескендир Хасангалиев аккомпанировал ей на аккордеоне, и они вместе исполняли песни.
Рабига Галиева, известная как «соловей Жылыоя»:
— в 1957 году заняла 1-е место на IV Всемирном фестивале молодёжи и студентов, получила диплом и медаль лауреата;
— в 1958 году стала лауреатом Всесоюзного фестиваля в Москве;
— также была лауреатом Всесоюзного фестиваля;
— в 1988 году награждена медалью лауреата II Всесоюзного фестиваля народного творчества.
В 1994 году она завершила 28-летнюю педагогическую деятельность в школе имени Ескайыра Халыкова.
Скончалась в 2018 году. В экспозиции представлены её личные вещи, награды и фотографии, переданные учителем-пенсионером Магрипой Тажаяковой.
EN
Display Case “Masters of Art — Pride of the Region”
The display case “Masters of Art — Pride of the Region” features photographs and awards of cultural figures from the Zhylyoi district.
The history of cultural institutions in the district dates back to the “red yurts” of the 1930s. In 1932, there were two clubs in the then district center, Kanbakty.
At different times, the district cultural department was headed by Kemal Taishabayev, Oraz Ybyrayev, Alpamys Kairzhanov, Otebaly Moldazhanov, Tolesh Koshkarov, Kalen Kidibasov, Nurdaulet Aknazarov, Bolat Mukhtarov, Aitembek Shamshedenov, and Manap Galymov.
In the 1960s–70s, cultural life expanded widely and developed in many directions.
In 1957, the drama club was awarded the title “People’s Theater.” Its founders included Tolesh Koshkarov, Otebaly Moldazhanov, Sulushash Moldazhanova, Myrzabay Medeubayev, Akkozha Satkanov, and Zakhar Kabidenov.
In 1981, during the Cultural Days, performers from the Zhylyoi district won first place, receiving a car and a first-degree diploma. The regional Red Banner in the field of culture was permanently awarded to the district.
Between 1984 and 1987, the district’s folk instrument orchestra performed concerts on the republican TV channel “Alatau.”
In 1996, the folklore ensemble “Zhylyoi Sazy” was established at the district House of Culture under the leadership of Amangeldi Zhyldgeldiyev. The exhibition includes his photograph, cello, dombra, saz-syrnai, and certificates of appreciation.
The display also features notable singers remembered by the people: Amangeldi Orakov, Kenzhebay Mailbayev, Kadir Yesengaliyev, and Kenzhin Omirzak.
***
A significant contribution to the formation of the folk instrument orchestra in the district was made by composer and outstanding dombra players Toksanbay Kultumiyev and Zaben Zharylgasov, whose works became widely popular among the public.
Toksanbay’s works include the songs “You Are the Nightingale of My Life,” “Operator Sister,” “Mother,” and the kui “Komsomol.” His handwritten notebook of musical notes has also been preserved.
Alongside Toksanbay, Zaben Zharylgasov left a distinct mark on the world of art despite his short life. He was a composer and kui performer who created pieces such as “Kosmos” and “Ustazym.” In 1958, he and other artists from the district, including T. Kultumiyev, participated in the Decade of Kazakh Literature and Art held in Moscow.
The exhibition features T. Kultumiyev’s Certificate of Honor from the All-Union Central Council of Trade Unions (1959), as well as certificates from the Supreme Soviet of the Kazakh SSR. Also displayed are his dombra (donated by his son Ghinayat), family album, photographs, diplomas, and musical notebooks.
In 1957, Zaben Zharylgasov composed the kui “Ana,” dedicated to his mother. He was also known for his acting talent, performing various roles in the Emba People’s Theater and appearing on regional and national stages. In 1970, he received the official title of “People’s Theater Artist.”
A multi-talented individual, he lived a short but impactful life. He passed away on April 26, 1977, at the age of 42. His dombra, certificates, and photographs were donated to the museum by his son Serik.
***
Rabiga Torpakovna Galiyeva, known as the “nightingale of Zhylyoi,” was born on December 20, 1938, in Uralsk, West Kazakhstan Region.
The famous composer Eskendir Khasangaliev accompanied her on the accordion, and they performed songs together.
Rabiga Galiyeva:
— won 1st place at the 4th World Festival of Youth and Students in 1957, receiving a diploma and laureate medal;
— became a laureate of the All-Union Festival in Moscow in 1958;
— was also recognized as a laureate of All-Union festivals;
— in 1988, she was awarded a laureate medal at the 2nd All-Union Festival of Folk Art.
In 1994, she completed 28 years of service as a teacher at the school named after Eskayir Khalykov.
She passed away in 2018. The exhibition displays her personal belongings, awards, and photographs, donated by retired teacher Magripa Tazhayaqova.

