Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Ұстазға құрмет –ұрпаққа парыз»

KZ

«Ұстазға құрмет – ұрпақ парызы» экспозициясында алғашқы ұстаздар туралы мәлімет орналасқан және сол сала бойынша еңбек еткен алғашқы ұстаздардың фотосуреттері мен марапаттары қойылған.

1922 жылыЖылыойда алғашқы мектеп ашылды.

1928-1929жылы оқу жылында ауданда 5 мектеп жұмыс жасады.  Онда Шөкеев Баязи, Т.Маңғыстауов, Ш.Жайтанов сияқты ұстаздар еңбек етті. Қазіргі таңда ауданда 23 мектеп бар.

Әр жылдарда аудан  мектептерінің басшылары Б.Шөкеев, Ж.Таскарин, М.Төреханов, К.Рахметов, М.Мағзымов, К.Байшаханов, А.Омарғазиева, Ж.Тәжіғалиев сияқты ұстаздар болды. Сондай-ақ ауданда республика мектептеріне еңбегі сіңген мұғалімдер Сарқытов Ғаббас, Ізтұрғанов Жылқышы, Ахметова Кеңған,  Завершенская Мира Петровна, Нұрмаханов Жанаш, Байшаханов Қалдыбай, Төлегенов Сабыр, Иманалин Ораз, Карабалин Сүйлеймен, Атамұратов Жолдыбай, Мәрденова Ақзер, Итолғанова Шоланбай бүкіл өмірін халық ағарту ісіне арнаған ұстаздар.

Жанаш Нұрмаханов— Жылыой ауданы, Жем округі бұрынғы Ақбас болысы, кейінгі 14 ауылда Айранкөл деген жерде шаруа отбасында дүниеге келген.  1937 жылы жоғарғы сынып оқушыларына, Жылыой кентіндегі үлкендерге оқытушы болған. 1938 жылдан бастап облыстық газетке шығармаларын үзбей жариялап тұрған. 450 ден астам ғылыми педагогиялық мақалалар жариялапты.  Тақырыбы: «Халық педагогикалық тәрбиесі», «Ұлттық дәстүр», «Ел тарихы», «Оқу ағарту әдістемелері», «Аудан шежіресі».  Ж.Нұрмаханов 55 жыл еңбек етті. Жылыойдың абызы атанған атамыздың костьюмі, медаль ордендеріменен және марапат құжаттары мен шапаны таяғыменен мұражай төрінен орын алып тұр. Бұл атамыздың еңбегінің еленгені. Бұл кезінде қазақ әдебиетіне, қазақ болашағына қосқан үлесінің жемісі.

Сүлеймен Қарабалин — Қамыскөл мектеп-интернатының директоры, «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі». Ауданда мұражай негізін салушы, үрмелі аспаптар үйірмесін ұйымдастырушы.

Нығметжанов Ибатай — Қамыскөл мектеп-интернатында оқытушы (1946-1987). Мектеп жанынан  тарихи өлкетану музейін ашып, аудандық музейдің негізін қалаған.

 

RU

В экспозиции «Уважение к учителю — долг поколения» представлены сведения о первых учителях, а также фотографии и награды педагогов, трудившихся в сфере образования.

В 1922 году в Жылыое была открыта первая школа.

В 1928–1929 учебном году в районе действовало 5 школ, где работали такие учителя, как Шокеев Баязи, Т. Мангистаув, Ш. Жайтанов. В настоящее время в районе насчитывается 23 школы.

В разные годы руководителями школ района были Б. Шокеев, Ж. Таскарин, М. Тореханов, К. Рахметов, М. Магзымов, К. Байшаханов, А. Омаргазиева, Ж. Тажигалиев.

Также в районе трудились заслуженные учителя республики: Габбас Саркытов, Жылкышы Изтурганов, Кенган Ахметова, Мира Петровна Завершенская, Жанаш Нурмаханов, Калдыбай Байшаханов, Сабыр Тулегенов, Ораз Иманалин, Сулеймен Карабалин, Жолдыбай Атамуратов, Акзер Марденова, Шоланбай Итолганова — педагоги, посвятившие свою жизнь народному просвещению.

Жанаш Нурмаханов родился в Жылыойском районе, в Жемском округе, в местности Айранколь (бывшая Акбасская волость, 14-й аул) в семье крестьянина. В 1937 году преподавал старшеклассникам и взрослым в посёлке Жылыой. С 1938 года регулярно публиковался в областной газете. Им было опубликовано более 450 научно-педагогических статей на темы: народная педагогика, национальные традиции, история края, методика обучения, родословие района. Он проработал 55 лет. В экспозиции представлены его костюм, ордена и медали, наградные документы, чапан и трость. Его труд получил заслуженное признание и внёс вклад в развитие казахской литературы и будущего народа.

Сулеймен Карабалин — директор Камыскольской школы-интерната, отличник народного образования Казахской ССР. Он является основателем районного музея и организатором кружка духовых инструментов.

Ныгметжанов Ибатай — преподаватель Камыскольской школы-интерната (1946–1987). При школе он открыл историко-краеведческий музей, ставший основой районного музея.

 

 

EN

The exhibition “Respect for the Teacher is the Duty of the Generation” presents information about the first teachers, along with photographs and awards of educators who worked in the field of education.

The first school in Zhylyoi was opened in 1922.

In the 1928–1929 academic year, there were 5 schools in the district, where teachers such as Bayazi Shokeev, T. Mangystauov, and Sh. Zhaitanov worked. Today, the district has 23 schools.

Over the years, school leaders in the district included B. Shokeev, Zh. Taskarin, M. Torekhanov, K. Rakhmetov, M. Magzymov, K. Baishakhanov, A. Omargaziyeva, and Zh. Tazhigaliyev.

Distinguished teachers who dedicated their lives to public education include Gabbas Sarkytov, Zhylkyshy Izturganov, Kengan Akhmetova, Mira Petrovna Zavershenskaya, Zhanash Nurmakhanov, Kaldybai Baishakhanov, Sabyr Tolegenov, Oraz Imanalin, Suleimen Karabalin, Zholdybai Atamuratov, Akzer Mardenova, and Sholanbai Itolganova.

Zhanash Nurmakhanov was born in the Zhylyoi district, in the Zhem region, in the area of Airankol, into a peasant family. In 1937, he taught senior students and adults in Zhylyoi. From 1938, he regularly published works in a regional newspaper. He authored over 450 scientific and pedagogical articles on topics such as folk pedagogy, national traditions, regional history, teaching methods, and genealogy. He worked for 55 years. His costume, medals, awards, documents, chapan, and walking stick are displayed in the museum. His contributions left a lasting impact on education and Kazakh culture.

Suleimen Karabalin was the director of the Kamyskol boarding school and an Honored Worker of Public Education of the Kazakh SSR. He was also the founder of the district museum and organizer of a brass band club. Ibatay Nygmetzhanov worked as a teacher at the Kamyskol boarding school from 1946 to 1987. He established a historical local history museum at the school, which became the foundation of the district museum.