Шараға арнайы білім беру саласының ардагері Төлеуов Наурызбай, қаламгер, ақын Сисекенұлы Лұқпан, мәдениет саласының ардагерлері «Жылыой ауданының құрметті азаматтары» Ақназаров Нұрдәулет, Бекенов Қуаныш пен Мусиева Балзия апай шақырылды.
Шара барысында «Жылыойым – құт мекенім» тақырыбындағы бейнефильм, «Жылыой ауданы – тарихи дәуірлер» тақырыбында слайд материалдары тамашаланды.
Н.Төлеуов «Туған өлкенің әрбір тасы да, тауы да киелі» тақырыбында, Н.Ақназаров «Жылыой жылнамасы» тақырыбында, Ұ.Сисекенұлы «Кең Жылыойым өркениет өлкесі, әулиелер мекені» тақырыбында сөз сөйлеп, жастарға өлке тарихынан сыр шертті.
Шараға ауданға іссапармен келген Атырау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілдері, аудандық жастар ресурстық орталығы, ішкі саясат бөлімі басшылары қатынасып, ақсақалдармен көрісіп, ізгі тілектерін айтты. Кездесу кешінде қатысушыларға арнайы дәстүрге сай дастархан жасалып, ақ (шұбат) ауыз тигізіліп, бауырсақ шашылды. Музей залында киіз үй макеті жабдықталып, ұлттық тұрмыстық бұйымдардан көрме жасақталды.
Шарада «Кең Жылыойым» әнінің шығу тарихы айтылып, әні орындалды. Ардагерлер оқушылардың, ұстаздардың салт-дәстүр, батыс өңірінің наурыз мейрамын атап өту ерекшелігі, Жылыой өңірінде болған әулие, батырлар туралы қойған сұрақтарына жауап беріп, аудан шежіресі жөніндегі біраз ақпараттар ақтарылды.
Л.Сисекенұлы музейге 10-ның үстінде кітабын табыс етіп, Жылыойға арнаған өлеңдерін оқыды. Жылыой өңірінде ХІХ-ХХ ғасырда шыққан әндер айтылып, орындалды. Соңында ақсақалдар бата берді. Қатысқан қонақтарға музей атынан естелік сыйлықтар табысталды.
http://zhmuzei-atamura.kz/kz/muzej-turaly/m-deni-is-sharalar-k-rmeler/https://old.maslihaty.kz/muzej-turaly/m-deni-is-sharalar-k-rmeler/158-16-nauryz-k-ni-shezhire-k-nine-bajlanysty-zhylyoj-audany-muzejinde-tu-an-zherdi-t-n-an-shezhiresi-ta-yrybynda-shezhireshi-ardagerler-men-zhastar-kezdesui-jymdastyryldy.html#sigFreeId6df0bc1cfb