Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Бояулар құпиясы» тақырыбындағы шеберлік сағаты  

Наурыз мерекесін тойлаудың 10 күндігі аясындағы «Шымырлық пен шеберлік күніне» орай Жылыой аудандық музейінде суретші, қолөнер шебері Қыдыров Қосқұлақтың «Бояулар құпиясы» тақырыбындағы шеберлік сағаты ұйымдастырылды. «Шебердің қолы көпке ортақ» -дегендей, шеберлік сағатына Құлсары қаласындағы жеке сурет салу оқу орталығы үйірмесінің жетекшісі мен оқушылары қатынасып, 40 жылдың үстінде тәжірибесі бар суретші, қас шебер өнерінің қыр-сырымен танысты.

Наурыз мерекесін тойлаудың 10 күндігі аясындағы «Шымырлық пен шеберлік күніне» орай Жылыой аудандық музейінде суретші, қолөнер шебері Қыдыров Қосқұлақтың «Бояулар құпиясы» тақырыбындағы шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

«Шебердің қолы көпке ортақ» -дегендей, шеберлік сағатына Құлсары қаласындағы жеке сурет салу оқу орталығы үйірмесінің жетекшісі мен оқушылары қатынасып, 40 жылдың үстінде тәжірибесі бар суретші, қас шебер өнерінің қыр-сырымен танысты.

 

Шеберлік сабағы Қ.Қыдыровтың өнегелі өмірі мен еңбек жолын оқушыларға таныстырудан басталып, сонау бала жастан сурет салуға қалай икемделгендігі, өнерді игеру, бүгінге дейінгі жеткен жетістіктері туралы шебердің әңгімелеп беруімен жалғасты.

 

Музейдің көрме залындағы орналасқан суретші, қолөнер шебері Қ.Қыдыровтың салған суреттері мен өз қолынан шыққан бұйымдары оқушыларға таныстырылды.

 

Әрі қарай «Бояулар құпиясы» тақырыбындағы шеберлік сабағы теориялық және тәжірибелік бағытта жалғасып, шебер сурет салу өнеріндегі өз сырларымен бөлісті және табиғат әлемі суретін сала отырып, оқушыларға түр-түсті таңдау, бояу түрлерін шығару, уақыт пен кеңістік,  қашықтық пен жарықты ескере отырып суретті салу ерекшеліктері бағытындағы өз тәжірибесімен бөлісті.

 

Сабақ соңында шебер оқушылардың өзін қызықтырған сұрақтарына жауап берді. «Білім азбайды, өнер тозбайды», «Өнерлінің өрісі кең» — деген халқымыздың даналық сөздерімен шеберлік сағаты қорытындыланды. Оқушылар өткізілген шеберлік сабағына өз ризашылықтарын білдірді.