«Халықаралық музейлер күніне» орай Жылыой аудандық музейінде «Музей түні» шарасы болып өтті. Осы күні әлемнің барлық музейлерінің қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді. Шара барысында «Жастар ресурстық орталығының» басшысы, ақын, диктор Әлібек Амандықтың жүргізуімен «Жұлдызды гид» жобасы, Нұрила Ғабиденқызының «Қыш құмыра» жасаудан шеберлік сағаты, @kylkalam_studio «Қылқалам» өнер студиясы суретшілерінің сурет көрмесі, «Жастар ресурстық орталығымен» @jylyoi_jastary бірлескен поэзиялық ән-кеші өткізілді.
«Музей түні» іс-шарасының негізгі мақсаты көрермендер үшін ашықтық әрі қол жетімділік, сан алуан өнер түрлерін дәріптеу және аудан тұрғындарының музей бағдарламаларына деген қызығушылығын аудару.
«Музей түні» қала тұрғындары мен қонақтары үшін музей әлемімен танысуға, музей коллекциялары мен экспозициясын көруге, мәдени бағдарламаларға қатысуға және көңілді демалып қайтуға зор мүмкіндік берді.