Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жылыой ауданы Ұлы Отан соғысы жылдарында» тақырыбында дөңгелек үстел шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында «Ерліктің жарқын беттері» музей қорынан экспозициялық көрме, орталық кітапхананың кітап көрмесі қойылып қонақтар назарына ұсынылды. Сөз алған баяндамашылар Г.Аңқашева «Жылыой ауданы музейіндегі экспозициялық жинақтар», Тыл ардагері Б.Өтетілеуов «Соғыс жылдарындағы балалық шағымның естелігі», қаламгер ақын Қ.Қалдыоразов «Майдангерлер туралы жазбаларым», Ұ.Сисекенов «Жылыойлықтардың тылдағы еңбегі-жеңіске қосылған үлес», кітапхана қызметкері Б.Сабырова «Мәдени-рухани ұйымдардағы бабалар ерлігін насихаттау жұмысы туралы», музей әдіскері Ж.Нұрмашева «Жастарға патриоттық тәрбие берудегі ерлік дәстүрінің маңызы» тақырыбында ой толғады. Білім-инновация лицейінің 8 сынып оқушысы Саламатов Арыстан «Айналайын ерлерім жеңісіңнен» өлеңін нақышына келтіре оқыды.
Шара соңында баяндамашыларға музей атынан ризашылық білдіріліп, ескерткіш сый табысталды




