Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Барым сол-бір жүректі тосам мыңға

Ж.Нәжімеденовтың 90 жылдығына және Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Барым сол-бір жүректі тосам мыңға» тақырыбында поэзиялық кеш болып өтті.

Шараға №8 мектептің жазғы лагерь демалушылары мен аудандық орталық кітапхана қызметкерлері қатынасты.

Шара барысында «Елдік пен егемендіктің символы» тақырыбындағы ақпараттық бейнебаян, «Тәуелсіз елдің жыр жұлдызы Жұмекен» тақырыбында көрме жасақталды.

Жұмекен әндері шырқалып, «Шолпан» оқу орталығы өнерпаздары Атшыбай Аян мен Қабидолла Илияс «Адай», «Ерке сылқым» күйлерімен кеш жалғасын тапты. Кеш соңында шараға атсалысқан оқушылар музей атынан ризашылық білдірілді.