Жылыой аудандық музейінде маслихат хатшысы, «Жылыой ауданының Құрметті азаматы» Кенғанов Мұқтар Мұрынбайұлын еске алуға арналған кеш болып өтті. Шара барысында «Жадымызда қалған жылдар» атты М. Кенғановтың өмірі мен еңбек жолынан көрме жасақталды. Шараны Жылыой ауданы мәслихат аппаратының басшысы Бектембаева Назгүл Мүбаракқызы ашты. М.Кенғановтың өмірі мен қызметін баяндайтын бейнебаян жасақталып қонақтар назарына ұсынылды. Сөз алған М.Ізбасов, С.Мамбетова, С.Иманғалиұлы, Е.Сабырұлы, Ш.Ысқақ қызмет бабындағы естеліктерімен бөлісті. Жылыойға танымал әнші Ж.Нұрханова «Әке туралы» әнімен кешті әсемдеді. Отбасы атынан сөз сөйлеген Жанар Мұқтарқызы қонақтарға ризашылығын білдірді.
