Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Ұлттық мұраны сақтау – болашаққа сый» атты музейлік танымдық-ақпараттық сағат өтті

Аудандық музейде Жастар ресурстық орталығының еріктілеріне “Ұлттық мұраны сақтау — болашаққа сый” атты музейлік танымдық-ақпараттық сағат өткізілді.

Танымдық сағатта ұлттық мұрамыздың негізгі нақышына айналған киіз үйіміз бен қазақ этнографиясынан сыр шертетін тұрмыстық бұйымдарымыз туралы мәлімет берілді. ХІХ-ХХ ғасырларды қамтитын зергерлік бұйымдарымыз жастардың ұлттық мұрамызға деген қызығушылығын оятты.