Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Танымдық экскурсия жүргізілді

2025 жылы 17 шілде күні аудандық музей қызметкерлері Жылыой ауданының киелі жерлері географиясына енген Ақмешіт, Құлшан ата тарихи-мәдени орындарына «Атырау облысы 2025 жылы 13 шілдеде өткен ауылдық-округ әкімдерінің сайлауы бойынша қорытынды» көшпелі семинарына қала және аудандық, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелеріне танымдық экскурсия жүргізді. Танымдық жорық барысында Бекет атамыздың кіндік қаны тамған киелі Ақмешіт пен 92 шәкіртінің бірі болған Құлшан әулие туралы өмірдерек, ескерткіштердің пайда болуы, сақталу жай-күйі мен халық аузындағы аңыз-әңгімелер айтылды.