Жылыой аудандық музейінде Т.Әділхановтың 75 жылдығына орай «Көктемгі найзағайлар» тақырыбындағы еске алу шарасы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Т.Әділхановтың еңбек жолы мен шығармашылығын насихаттау.
Шараға баспасөз өкілдері, баспасөз саласының ардагерлері, Т.Әділхановтың отбасы мүшелері және музей қызметкерлері қатынасты.
Шара барысында «Қазынаға толы ғұмыр» атты Т.Әділхановтың тұтынған бұйымдарынан, фотосуреттерінен, кітаптарынан көрме және өмір жолынан бейнебаян жасақталып, қонақтар назарына ұсынылды.
Кешті ақын, журналист Бүркіт Сембайұлы жүргізді. Ж.Ералиев пен А.Боранғали Т.Әділханов пен М.Ғазимовтың айтысын, А.Қабыланбек «Біздің елдің жігіттері» әнін нақышына келтіре орындады.
Ардагерлер мен «Кең Жылыой» газетінің бас редакторы Е.Қошақанов, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, «Ембі» газетінің байырғы штаттан тыс тілшісі М.Хайруллин, «Бақай» корпорациясының президенті М.Балжігітов, замандасы Ш.Тұрмағанбетов Тементай ақын туралы естеліктермен бөлісіп, Темен ақын еңбектерін кейінгі ұрпаққа насихаттау жөнінде ұсыныстар айтылды.
Т.Берденұлының әруағына құран бағышталды.







