Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы

Жылыой аудандыдық музейінде Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Табиғат – таң қаламын тамашаңа» тақырыбында Абай шығармалары желісінде кәсіби суретшілердің сурет көрме-байқауы ұйымдастырылды. Көрмеге Жылыойлық кәсіби суретшілер жиырмаға жуық туындылары көрермен назарына ұсынылды. Шараны музей басшысының уақытша міндетін атқарушы Жазира Бердіқұлқызы ашып, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі. №6 мектептің оқушысы Мехмет Клыч Шамильұлы ақын Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба», «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» зейнеткері Малика Қоңырбайқызы «Сегіз аяқ», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Көрме соңында сайланған әділ қазылар алқасы жүлделі орындарымен марапатталды. Жүлдесі берілген туындылар «Жылыойлық суретшілердің қолымен» бұрышына қойылатын экспонат ретінде музей қорына алынды.