Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы»

Жез шам (ХХ ғ.)

Бұл жез шам – ХХ ғасырда тұрмыста кеңінен қолданылған жарық беру құралы. Металдан жасалған, бір ұялы тұғырға орнатылған. Жоғарғы бөлігінде шам жағуға арналған білте лентасы мен жалынды реттейтін бұрауышы бар. Керосин құятын дөңгелек пішінді сыйымдылығы және жанарғысы металлдан жасалып, қоңыр түске боялған. Төменгі бөлігінде жерге орнықты қоюға арналған шеңбер тәрізді табаны бар.

Шам Сарықамыс елді мекенінен табылған. Атырау облысы, Жылыой ауданы тұрғыны Хайреденова Жаңылдық пайдаланған тұрмыстық бұйым.

Экспонат ХХ ғасырдағы халықтың тұрмыс-тіршілігін, жарықтандыру тәсілдерін және сол кезеңдегі қолданыста болған қарапайым техникалық құрылғыларды таныстырады.


Латунная лампа (ХХ в.)

Эта латунная лампа — осветительный прибор, широко используемый в быту в XX веке. Установлена на металлический одноячеистый пьедестал. В верхней части находятся фитильная лента для зажигания и винт для регулировки пламени. Круглый металлический резервуар для керосина окрашен в коричневый цвет. В нижней части имеется круглая подставка для устойчивого размещения на земле.

Лампа найдена в населённом пункте Сарыкамыс и использовалась жительницей Жылыойского района Атырауской области Хайреденовой Жаңылдык.

Экспонат демонстрирует бытовую жизнь людей XX века, способы освещения помещений и простые технические устройства того времени.


Brass Lamp (20th century)

This brass lamp is a lighting device widely used in households in the 20th century. It is mounted on a single-compartment metal pedestal. The upper part features a wick strip for lighting and a screw for flame adjustment. The round metal kerosene reservoir is painted brown. The bottom has a circular base for stable placement on the ground.

The lamp was found in the village of Sarykamys and used by Khayredenova Zhanjyldyk, a resident of Zhylyoi District, Atyrau Region. The exhibit illustrates everyday life in the 20th century, domestic lighting methods, and the simple technical devices used at that time.

 

Керосинді шам – электр жарығы кең таралмаған кезеңде қолданылған жарық беру құралы. Керосин құйылатын дөңгелек резервуары және жалынды реттейтін тетігі бар. Ішіндегі білте керосинді сіңіріп, жану арқылы жарық береді. ХХ ғасырда ауылдық жерлерде және тұрмыста кеңінен пайдаланылған. Экспонат сол дәуірдегі халықтың тұрмыс-тіршілігі мен жарықтандыру мәдениетін көрсетеді.


Керосиновая лампа (ХХ в.) Данная лампа — осветительный прибор, использовавшийся в период, когда электрическое освещение ещё не было широко распространено. Имеет круглый резервуар для керосина и механизм регулировки пламени. Фитиль, пропитанный керосином, обеспечивает горение и даёт свет. В ХХ веке широко применялась в быту, особенно в сельской местности. Экспонат отражает особенности повседневной жизни и культуры освещения того времени.


Kerosene Lamp (20th century) This lamp is a lighting device used during the period when electric lighting was not yet widespread. It has a round kerosene reservoir and a flame регулиating mechanism. The wick absorbs kerosene and produces light through combustion. In the 20th century, it was widely used in households, especially in rural areas. The exhibit reflects the everyday life and lighting culture of that time.

 

Қасық (ХХ ғ.)

Бұл алюминийден жасалған қолдан жасалған қасық – Жылыой өңірінің қолөнер шебері Қайшыбай Боқановтың туындысы. Шамамен 1954 жылы жасалған. Қасықтың алдыңғы беті өрнектелген, артқы жағында шебердің аты жазылған. Жоғарғы бөлігі ожау тәрізді, ортасы аздап иілген, сабы қысқа және тегіс. Беті шағын түйіршіктермен сәнделген. Ас қасығы ретінде қолдануға арналған. Экспонат ХХ ғасырдағы қолөнер мәдениеті мен тұрмыстық заттарды көрсетуге арналған.


Ложка (ХХ в.)

Эта ложка, выполненная вручную из алюминия, является творением мастера народного промысла Жылыойского района Кайшибая Боканова. Изготовлена примерно в 1954 году. Передняя сторона ложки украшена орнаментом, а на обратной стороне указано имя мастера. Верхняя часть ложки напоминает ковш, середина слегка выгнута внутрь, рукоять короткая и гладкая. Поверхность декорирована мелкими зернами. Предназначена для использования как столовая ложка.

Экспонат демонстрирует культуру народного творчества и бытовые предметы XX века.


Spoon (20th century.)

This hand-made aluminum spoon is the work of Khayshibay Bokanov, a folk craftsman from the Zhylyoi region. It was created around 1954. The front side of the spoon is decorated with a pattern, and the back bears the craftsman’s name. The upper part resembles a small scoop, the center is slightly curved inward, and the handle is short and smooth. The surface is adorned with tiny grains. It is intended for use as a dining spoon.

The exhibit illustrates 20th-century folk craftsmanship and everyday household items.

 

 

Жез шәйнек

Жезден құйылған, су қайнатуға арналған тұрмыстық ыдыс. Алмалы-салмалы қақпағы, су ағызатын тұмсығы және ілмекті тәрізді жылжымалы тұтқасы бар. Тұтқасының ортасында пластмассадан жасалған ұстағышы орналасқан. Сыртқы беті сәндік өрнекпен безендірілген. ХХ ғасырға жатады. Атырау облысы, Жылыой ауданы тұрғыны Хайреденова Жаңылдық пайдаланған тұрмыстық бұйым.


Латунный чайник

Бытовой сосуд, предназначенный для кипячения воды, отлитый из латуни. Имеет съёмную крышку, носик для слива воды и подвижную ручку дугообразной формы. В центре ручки расположен пластиковый держатель. Внешняя поверхность украшена декоративным орнаментом. Относится к ХХ веку. Бытовой предмет, использовавшийся жительницей Жылыойского района Атырауской области Хайреденовой Жаңылдык.


Brass Kettle

A household vessel made of cast brass, предназначенный for boiling water. It has a removable lid, a spout for pouring water, and a movable arched handle. A plastic grip is located in the center of the handle. The exterior surface is decorated with ornamental patterns. Dates to the 20th century. A household item used by Khayredenova Zhanjyldyk, a resident of Zhylyoi District, Atyrau Region.

 

Темір үтік (XIX ғ.)

Бұл шойыннан жасалған үтік XIX ғасырда киімді үтіктеу үшін қолданылған. Қыздыру үшін ішіне шоқ немесе ыстық көмір салынған. Бүйір қабырғаларының төменгі бөлігінде көмір салуға және түтін шығаруға арналған тесіктер бар. Үтіктің бетінде артқа қарай сырғитын қақпағы орналасқан. Экспонат Атырау облысы, Жылыой ауданы тұрғыны Қосбаев Ғалымнан алынған және XIX ғасырдағы тұрмыстық заттар мен киім үтіктеу дәстүрін көрсетеді.


Железный утюг (XIX в.)

Этот чугунный утюг использовался в XIX веке для глажки одежды. Для нагрева внутрь помещали угли или горячие угольки. В нижней части боковых стенок имеются отверстия для закладывания угля и выхода дыма. На поверхности утюга расположен задвигающийся назад верхний крышка.

Экспонат предоставлен жителем Жылыойского района Атырауской области Галымом Косбаевым и демонстрирует бытовые предметы и традиции глажки одежды XIX века.


Iron Clothes Iron (19th century)

This cast-iron iron was used in the 19th century for pressing clothes. Coal or hot embers were placed inside for heating. The lower part of the side walls has holes for adding coal and letting out smoke. The top of the iron features a sliding back cover.

The exhibit was provided by Galym Kosbaev, a resident of Zhylyoi District, Atyrau Region, and illustrates 19th-century household items and clothing ironing traditions.

 

Құман (ХХ ғ.)

Бұл құман – жуынуға арналған тұрмыстық бұйым. Кеме пішіндес үлгіде жасалған. Цилиндр тәрізді денесінің қабырғалары сәл ішке иіліп, ернеуі сыртқа қайырылған. Мойны иығынан жоғары қарай жіңішкеріп келеді. Сол жақ бүйірінде иілген шүмегі бар. Төменгі бөлігінде орнықты қоюға арналған дөңгелек табаны орналасқан. Сыртқы бетінде бейнелік өрнектер таңбаланған. Атырау облысы, Жылыой ауданы тұрғыны пайдаланған және музей қорына тапсырылған. ХХ ғасырға жатады.


Кувшин (ХХ в.)

Данный кувшин — бытовой предмет, предназначенный для умывания. Выполнен в форме, напоминающей лодку. Цилиндрический корпус имеет стенки, слегка изогнутые внутрь, с отогнутым наружу краем. Горло сужается кверху от плечиков. С левой стороны расположен изогнутый носик. В нижней части имеется круглая подставка для устойчивого размещения.

Внешняя поверхность украшена изображениями. Предмет использовался жителем Жылыойского района Атырауской области и передан в музейный фонд. Относится к ХХ веку.


Jug (20th century)

This jug is a household item used for washing. It is made in a boat-shaped design. The cylindrical body has sides slightly curved inward with an outward-turned rim. The neck narrows upward from the shoulders. An angled spout is located on the left side. The lower part features a round base for stability.

The exterior surface is decorated with images. The item was used by a resident of Zhylyoi District, Atyrau Region, and donated to the museum collection. It dates to the 20th century.

 

 

Қырықтық (ХХ ғ.)

Қырықтық – қой жүнін қырқуға арналған дәстүрлі құрал. Бұл қол қырықтығы темірден жасалған, айқастырылып орнатылған қос пышағы бар. Пышақтары серіппелі жүйемен жұмыс істейді, яғни тұтқасын қысып-жіберу арқылы жүн қырқылады. Қолға ұстар бөлігі иіліп біріктірілген.

Қайшы екі алмалы-салмалы жарты бөліктен тұрады, олар тұтқаның жоғарғы жағындағы екі қапсырма арқылы бекітіледі. Мұндай қырықтықтар ХХ ғасырда мал шаруашылығымен айналысқан өңірлерде кеңінен қолданылған.

Экспонат қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығы кәсібін, қой өсіру мәдениетін және қол еңбегіне негізделген тұрмыстық құралдарды таныстырады.


Ножницы для стрижки овец (ХХ в.)

Кырыктык — традиционный инструмент, предназначенный для стрижки овечьей шерсти. Данные ручные ножницы изготовлены из железа и имеют два перекрещивающихся лезвия. Лезвия работают по пружинному принципу: при сжатии и отпускании ручек осуществляется стрижка шерсти. Рукояти изогнуты и соединены между собой.

Ножницы состоят из двух съёмных половин, которые закрепляются с помощью двух зажимов, расположенных в верхней части ручки. Подобные инструменты широко использовались в ХХ веке в регионах, где развивалось овцеводство.

Экспонат отражает традиции животноводства казахского народа и особенности ручного труда.


Sheep Shearing Scissors (20th century)

Qyryqtyq is a traditional tool used for shearing sheep. These hand shears are made of iron and feature two crossed blades. The blades operate on a spring mechanism: squeezing and releasing the handles enables the cutting of wool. The handles are curved and joined together.

The shears consist of two detachable halves secured by two clamps located at the upper part of the handle. Such tools were widely used in the 20th century in regions where sheep breeding was practiced.

The exhibit reflects the traditions of Kazakh animal husbandry and the use of manual labor tools.

 

Құман (ХХ ғ.)

Бұл құман – мыстан жасалған жуынуға арналған тұрмыстық бұйым. Мыс ыдыстар қазақ халқының тұрмысында ертеден кеңінен қолданылған. Экспонат цилиндр пішінді, қабырғалары сәл ішке иіліп, ернеуі сыртқа қайырылған. Сол жақ бүйірінде жоғары қарай иілген шүмегі бар. Төменгі бөлігінде орнықты қоюға арналған дөңгелек табаны орналасқан.

Құманның қақпағы жоқ, жоғарғы бөлігі сынып, майысқан, тұтқасы да сынған. Соған қарамастан, ол өз дәуіріндегі тұрмыстық қолданыс пен шеберлік ерекшеліктерін сақтап қалған.

Бұл бұйым ХХ ғасырға жатады. Атырау облысы, Жылыой ауданы тұрғыны пайдаланған және музей қорына тапсырылған.


Кувшин (ХХ в.)

Данный кувшин — бытовой предмет из меди, предназначенный для умывания. Медная посуда с древних времён широко использовалась в быту казахского народа. Экспонат имеет цилиндрическую форму, его стенки слегка изогнуты внутрь, а края отогнуты наружу. С левой стороны расположен изогнутый вверх носик. В нижней части имеется круглая подставка для устойчивого размещения.

Крышка отсутствует, верхняя часть повреждена и деформирована, ручка сломана. Несмотря на это, предмет сохранил особенности быта и мастерства своего времени.

Относится к ХХ веку. Бытовой предмет, использованный жителем Жылыойского района Атырауской области и переданный в музей. Экспонат отражает повседневную культуру, традиции умывания и историю использования металлической посуды.


Jug (20th century)

This jug is a copper household item used for washing. Copper vessels have been widely used in the daily life of the Kazakh people since ancient times. The exhibit has a cylindrical shape, with sides slightly curved inward and a rim turned outward. On the left side, there is an upward-curving spout. The lower part has a round base for stability.

The lid is missing, the upper part is damaged and bent, and the handle is broken. Despite this, the object preserves the бытовые and craftsmanship features of its time.

It dates to the 20th century. The item was used by a resident of Zhylyoi District, Atyrau Region, and donated to the museum. The exhibit reflects everyday culture, washing traditions, and the history of metalware use.

 

Құман (ХХ ғ.)

Бұл құман – жуыну рәсімінде пайдаланылған тұрмыстық ыдыс. ХХ ғасырда кең қолданылған. Пішіні ерекше: қабырғалары ішке қарай сәл иіліп, ернеуі сыртқа қайырылған. Мойны иығынан жоғары қарай жіңішкеріп жасалған. Бір қапталында S-тәрізді иілген тұтқасы, екінші жағында су құюға арналған ұзын шүмегі бар. Жоғарғы бөлігінде жартылай дөңгелек ұстағышы бар қақпағы, ал төменгі жағында орнықты қоюға арналған дөңгелек табаны орналасқан.

Бұл бұйым тұрмыста тазалық сақтау дәстүрін көрсетеді және су тасып, жуыну мәдениетінің бір бөлігі болған. Экспонат Жылыой ауданының тұрғыны Қосбаев Ғалымнан музей қорына тапсырылған.

Құман ХХ ғасырдағы халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігін, қолөнер үлгілерін және санитарлық-гигиеналық әдет-ғұрыптарын таныстырады.


Кувшин (ХХ в.)

Данный кувшин — бытовой сосуд, использовавшийся для умывания. Широко применялся в XX веке. Имеет оригинальную форму: стенки слегка изогнуты внутрь, края отогнуты наружу. Горло сужается кверху от плечиков. С одной стороны припаяна S-образная ручка, с другой — длинный носик для наливания воды. В верхней части расположена крышка с полукруглой полой ручкой, в нижней — круглая подставка для устойчивого размещения.

Предмет отражает традиции гигиены и повседневного быта. Экспонат передан в музей жителем Жылыойского района Галымом Косбаевым. Кувшин знакомит посетителей с бытовой культурой и санитарно-гигиеническими обычаями XX века.


Water Jug (20th century)

This jug is a household vessel used for washing. It was widely used in the 20th century. It has a distinctive shape: the sides are slightly curved inward, and the rim is turned outward. The neck narrows upward from the shoulders. An S-shaped handle is attached on one side, and a long spout for pouring water is fixed on the other. The upper part has a lid with a semi-circular hollow handle, and the lower part features a round base for stability.

The object reflects hygiene traditions and everyday domestic life. The exhibit was donated to the museum by Galym Kosbaev, a resident of Zhylyoi District. It introduces visitors to 20th-century household culture and sanitary practices.

 

 

Кісен – жылқыны матауға арналған темір тұсау, дәстүрлі ат әбзелдерінің бірі.
Кісен аттың аяғына салынатын екі темір доғадан (білезіктен) тұрады. Бұл екі бөлшек ортасынан темір шынжыр арқылы жалғанады. Ашылып-жабылуы арнайы тоға немесе ілгек тетігі арқылы жүзеге асырылады. Құрал жылқының алысқа ұзап кетпеуі үшін қолданылады.

Мерзімделуі: ХХ ғасыр.


Кандалы (путы) – железное приспособление для стреноживания лошади; один из традиционных элементов конской упряжи.

Кандалы состоят из двух железных обручей, надеваемых на ноги лошади. Эти части соединены между собой железной цепью. Открывание и закрывание осуществляется с помощью пряжки или застёжки. Приспособление используется для того, чтобы лошадь не могла уйти далеко.

Датировка: ХХ век.


Shackles (Hobbles) – iron restraints used for tethering a horse; a traditional element of horse equipment.

The shackles consist of two iron cuffs placed on the horse’s legs. These two parts are connected in the middle by an iron chain. The opening and closing mechanism functions by means of a buckle or clasp. The device is used to prevent the horse from wandering far.

Dating: 20th century.

 

Таға (ХХ ғ.) 

Таға – жылқы тұяғының тозбауын және таймауын қамтамасыз ету үшін қағылатын темір құрал. Бұл экспонат мініс аттарына арналған, сопақша (овал) пішінді. Өкше тұсында тікенекті тесіктері бар, ал екі қапталында – оң және сол жағында – үш-үштен шеге қағуға арналған тесіктер орналасқан. ХХ ғасырға жатады. Экспонат жылқы шаруашылығы мен ат әбзелдерінің дәстүрлі қолданысын  көрсетеді.


Подкова (ХХ в.)

Подкова — металлическое приспособление, предназначенное для защиты копыта лошади от износа и предотвращения скольжения. Данный экспонат выполнен в овальной форме и предназначен для верховых лошадей. В пяточной части имеются отверстия с шипами, по обеим сторонам — справа и слева — расположены по три отверстия для гвоздей.

Относится к ХХ веку. Экспонат отражает традиции коневодства и использования конской упряжи.


Horseshoe (20th century)

A horseshoe is a metal device attached to a horse’s hoof to protect it from wear and prevent slipping. This exhibit is oval-shaped and intended for riding horses. The heel section features spiked holes, and on both the right and left sides there are three nail holes each.

Dates to the 20th century. The exhibit reflects traditional horse breeding and the use of horse equipment.

 

 

Қамшы (1980 ж.)

Бұл қамшы – тай қамшы деп аталатын, жұмсалу орнына қарай ерекшеленетін дәстүрлі құрал. Сәндік-қолданбалы бұйым ретінде жасалған. Сабы арнайы қойдың сирағынан дайындалып, металл және терімен мойнақталған, орам салып, шашақталған былғарымен әсемделген.

Экспонат Жылыой ауданының белгілі шебері Дулат Мәтениязовтың туындысы. 1980 жылы жасалған. Қамшы қазақ халқының қолөнерін, мал шаруашылығы мәдениетін және дәстүрлі қолданбалы өнерді көрсетеді.


Нагайка (1980 г.)

Эта нагайка — традиционная плеть, называемая «тай камшы» в зависимости от места применения. Изделие выполнено как декоративно-прикладной предмет. Рукоять изготовлена из рога специальной овцы, укреплена металлом и кожей, обмотана и украшена кистями из кожи.

Экспонат создан известным мастером Жылыойского района Дулатом Мәтениязовым в 1980 году. Плетка демонстрирует казахское народное ремесло, культуру животноводства и традиционное прикладное искусство.


Whip (1980)

This whip is a traditional “tai kamshy,” named according to the part used. It was made as a decorative and functional craft item. The handle is crafted from a special sheep’s horn, reinforced with metal and leather, wrapped, and adorned with tassels of leather.

The exhibit was created in 1980 by Dulat Mäteniyazov, a renowned craftsman from Zhylyoi District. It reflects Kazakh folk craftsmanship, livestock culture, and traditional applied arts.

 

Жез таба (XVIII–XIX ғғ.)

Жез таба – дөңгелек пішінді, жайпақтау келген ыдыс. Тамақ пісіру және сақтау үшін қолданылған.

Экспонат Қараша ауылы маңынан табылған және Сүлейменов Нүркен тапсырған. XVIII–XIX ғасырларға жатады.

Бұл бұйым қазақ халқының ас үй дәстүрін, металл өңдеу өнерін және тұрмыстық мәдениетін көрсетеді.


Медная сковорода (XVIII–XIX вв.)

Медная сковорода — круглая, слегка плоская посуда, использовавшаяся для приготовления и хранения пищи.

Экспонат найден в окрестностях села Караша и передан Сулейменовым Нуркеном. Относится к XVIII–XIX векам.

Предмет демонстрирует традиции казахской кухни, мастерство обработки металла и бытовую культуру того времени


Brass Pan (18th–19th centuries)

This brass pan is a round, slightly flat vessel used for cooking and food storage.

The exhibit was found near the village of Karasha and donated by Nurken Suleimenov. It dates back to the 18th–19th centuries.

The item illustrates Kazakh culinary traditions, metalworking skills, and everyday domestic culture

 

Шойын үтік (ХХ ғ.)

Бұл шойын үтік ХХ ғасырдың басында тұрмыста пайдаланылған. Ішіне шоқ немесе ыстық көмір қойып қыздырғаннан кейін киімді үтіктеуге арналған.

Мерзімделуі: ХХ ғасыр.

Экспонат сол дәуірдегі тұрмыстық техника мен киім үтіктеу дәстүрін көрсетеді.


Чугунный утюг (XX в.)

Этот чугунный утюг использовался в быту в начале XX века. Его нагревали, помещая внутрь угли или раскалённые угольки, после чего утюг применяли для глажки одежды.

Относится к XX веку. Экспонат демонстрирует бытовые приборы и традиции глажки одежды того времени.


Cast-Iron Iron (20th century)

This cast-iron iron was used in households in the early 20th century. It was heated by placing hot coals or embers inside and then used for pressing clothes.

Dates to the 20th century. The exhibit illustrates household appliances and clothing ironing traditions of that period.