Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Қамыскөл мектеп-интернаты жанында музей құру туралы тарихы

 

Қамыскөл мектеп-интернаты жанында музей құру туралы тарихы

 

KZ

Жылой аудандық музейінің негізі Қазақстан Республикасы Министрлер Кеңесінің 1964 жылғы 6 маусымдағы №380 Жарлығымен Құлсары поселкесіндегі Қамыскөл мектеп-интернаты жанында құрылды. Музейді құруға себеп болған 1924 жылы В. И. Ленинді жерлеуге Атырау облысынан қатысқан делегация мүшесі, облыстың алғашқы шоферы Мұхтанов Жұмағалидің табыт басында тұрған бір фотосуретінен бастау алды. Мектеп жанындағы музейдің алғашқы негізін қалаған сол Қамыскөл мектеп-интернатының тарих пәні мұғалімі Ибатай Нығметжанов және сол кездегі мектеп директоры Сүлеймен Қарабалин болды. Мектеп жанындағы музей жұмысына қолдау көрсетіп, өркендеуіне Далбаев Мұңал, Айтжанов Бекен, Молдажанов Өтебалы, Құсайынов Бисенбай, Жұлдызов Әубәкір үлес қосса, музей меңгерушілігін И.Нығметжановтан қабылдап алып, оның жұмысын әрі қарай жетілдірген Сағиев Мәжит болды.

1976 жылы Гурьев облыстық компартиясы мен облыстық атқару Кеңесі бюросының 13 тамыздағы №48 Қаулысымен мектеп жанындағы музей негізінде «Ембі аудандық тарихи-өлкетану музейі» құрылды. Алғашқы директоры болып Таскарин Жұбандық тағайындалып, 1985 жылға дейін басқарды.

Одан кейінгі жылдарда музей жұмысын Ақназаров Нұрдәулет (1985-1987 жж), Ғайниелова Мақпуза (1987-1988жж.), Жылгелдиев Амангелді (1988-1991 жж.), Қарымбаева Роза (1991-1996 жж.), Байжанов Қабыланбек (1996 — 1999 жж), Қонаров Тлеуберген (1999-2001 жж.), Санахаева Қуантқан (2001-2002 жж.) Құмарғалиев Өтеп (2002-2008 жж.), Санахаева Қуантқан (2008-2016 жж.) басқарды.

Музейде аудан тарихын айшықтайтын көптеген құнды материалдар мен бірге археологиялық жәдігерлер де жинақталған. Бүгінде заттай, құжаттық музей материалдарының саны 6500 дана болып отыр. Осындай аудан тарихиы үшін маңызды құжаттардың жинақталуына көп жылдар салада еңбек еткен Түгелбаева Сұлу, Қосбаева Қарлығаштың қосқан үлесі зор болды.

Музей Жылыой ауданы әкімдігінің 1999 жылы 16 наурыздағы №193 шешімімен «Атамұра» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды. Музей қызметінің негізгі бағыттары — тарихи-мәдени құндылығы бар жәрігерлерді жинақтау, тіркеу-сақтау, зерделеу, экспозициялық көрмелер өткізу және өлке тарихын насихаттау жұмыстары болып табылады. Музей 2019 жылы екі қатарлы типтік жаңа ғимаратқа көшірілді. «Музей — туған өлкенің асыл қазынасы, музей – тарих, музей – шежіре, музей – білім мен ғылым» — деген ұғым бар.

Біздің аудандық музей де жылына шамамен 10 мыңның үстінде адамға қызметіне сәйкес түрлі бағытта мәдени көпшілік, ақпараттық қызмет көрсетіп отырады.

 

***

RU

Жылыойский районный музей был основан постановлением Совета Министров Республики Казахстан №380 от 6 июня 1964 года при Камыскольской школе-интернате в поселке Кулсары. Идея создания музея возникла после фотографии, на которой изображен Мухтанов Жұмагали, первый водитель области и член делегации от Атырауской области, присутствовавший на похоронах В.И. Ленина в 1924 году, стоящий у гроба.

Первый фундамент музейной экспозиции при школе заложили Ибатай Ныгметжанов, учитель истории Камыскольской школы-интерната, и тогдашний директор школы Сулеймен Карабалин. В поддержку и развитие музея внесли свой вклад Далбаев Мұңал, Айтжанов Бекен, Молдажанов Өтебалы, Құсайынов Бисенбай и Жулдызов Әубәкір. Позже руководство музеем принял Сағиев Мәжит, который продолжил и усовершенствовал работу И.Ныгметжанова.

13 августа 1976 года постановлением №48 бюро Гурьевского обкома КПСС и областного исполнительного комитета на базе школьного музея был создан «Эмбинский районный историко-краеведческий музей». Первым директором был назначен Жұбандық Таскарин, который руководил музеем до 1985 года.

 

***

EN

The Zhylyoi District Museum was founded by Decree No. 380 of the Council of Ministers of the Republic of Kazakhstan on June 6, 1964, next to the Kamysköl boarding school in the settlement of Kulsary. The idea to establish the museum originated from a photograph showing Mukhtanov Zhūmagali, the region’s first driver and a member of the delegation from the Atyrau region attending V.I. Lenin’s funeral in 1924, standing by the coffin.

The first foundation of the school-based museum was laid by Ibatay Nygmetzhanov, the history teacher of the Kamysköl boarding school, and the school director at that time, Suleimen Karabalin. Support and contributions to the development of the museum came from Dalbaev Munal, Aitjanov Beken, Moldazhanov Ötebaly, Kusayynov Bisenbai, and Zhuldyzov Aubaqir. Later, the museum’s leadership was taken over by Sagiev Majit, who continued and enhanced the work started by I.Nygmetzhanov.

On August 13, 1976, by Resolution No. 48 of the Guryev Regional Communist Party Bureau and the Regional Executive Committee, the “Embi District Historical and Local History Museum” was established based on the school museum. The first director was Zhūbandyk Taskarin, who managed the museum until 1985.

In the following years, the museum was headed by:

  • Akhnazarov Nurdaulet (1985–1987)
  • Gainielova Makpuza (1987–1988)
  • Zhylgeldiev Amangeldi (1988–1991)
  • Karymbaeva Roza (1991–1996)
  • Baizhanov Kabylanbek (1996–1999)
  • Konarov Tleuberken (1999–2001)
  • Sanakhaeva Kuantkan (2001–2002)
  • Kumargaliev Ötep (2002–2008)
  • Sanakhaeva Kuantkan (2008–2016)

The museum has collected many valuable materials and archaeological artifacts that highlight the history of the district. Today, the museum’s collection includes approximately 6,500 tangible and documentary items. Much of this collection was developed thanks to the long-term efforts of Tugelbayeva Sulu and Kosbayeva Karlygash, who contributed greatly to gathering important historical documents for the district.

By Decision No. 193 of the Zhylyoi District Administration on March 16, 1999, the museum was reorganized into the “Atamura” communal state treasury enterprise. The main activities of the museum include collecting, registering, preserving, and studying items of historical and cultural value, organizing exhibition displays, and promoting local history. In 2019, the museum moved to a new two-story standard building.

The museum operates under the concept: “A museum is the precious treasure of the native land; the museum is history, the museum is genealogy, the museum is knowledge and science.” The Zhylyoi District Museum serves more than 10,000 visitors annually, providing a variety of cultural, educational, and informational services.