Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Құт мекенім – Құлсары» атты аудан суретшілерінің көрмесі

Жылыой аудандық музейінде Құлсары қаласының 25 жылдығына орай «Құт мекенім – Құлсары» атты аудан суретшілерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде қылқалам шеберлерінің туған жерге деген сүйіспеншілігі мен шығармашылық көзқарасын бейнелейтін туындылары көпшілік назарына ұсынылды.
Әр картинадан Құлсарының тарихы, табиғаты, тыныс-тіршілігі мен бүгінгі келбеті көрініс тауып, туған өлкенің қадір-қасиеті өнер арқылы жеткізілді.
Шара барысында өнер саласының өкілдері, аудан суретшілері, зиялы қауым, музей қызметкерлері мен қала тұрғындары бас қосып, көрмені тамашалады. Сонымен қатар өнерпаздарға алғыс хаттар табысталып, әсем сазды әуендер орындалды.
«Құт мекенім – Құлсары» көрмесі – туған жер тарихын өнер арқылы танытып, Құлсарының өткені мен бүгінін сабақтастырған тағылымды мәдени шара болды.