Жылыой аудандық музейінің ұйымдастыруымен Боранқұл ауылында «Халқың – жомарт, қойнауың толы қазына» атты экспозициялық көшпелі көрме өтті.
Көрменің мақсаты – Жылыой өңірінің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, Құлсары қаласының қалыптасу және даму тарихын таныстыру, музей қорындағы құнды жәдігерлерді көпшілікке ұсыну және жас ұрпақтың туған өлке тарихына қызығушылығын арттыру.
Шара барысында Жылыой аудандық музейінің әдіскері Жазира Бердіқұлқызы құттықтау сөз сөйлеп, көрменің маңызына тоқталды. Ал Боранқұл ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Құсайын Абылай ақжарма тілегін білдірді.
Көрме экспозициясын музей экскурсоводы Тұрсынова Алтынгүл Есболсынқызы таныстырып, тарихи жәдігерлердің мән-маңызы мен тарихы туралы ақпарат берді.
Шара барысында вокалды ансамбльдің орындауында «Армағым-ай» және «Бақыт құшағында» әндері шырқалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Туған жер тарихын сақтау – өткенге тағзым, келешекке аманат.
Тарихы тағылымды өлкенің қазынасы – халық жадында!