KZ
1976-1986 жылдары Ауған соғысы, 1993-2001 жылдар аралығындағы Тәжік-Ауған соғысы туралы ақпараттар, сонымен қатар қарулы қақтығысқа қатысқан ардагерлердің фотосуреттері, пайдаланған құралдары қойылған витрина.
1978 жылы Ауғанстанда төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналған. 1979 жылы Кеңес әскерінің шектеулі котингенті Ауғанстанға кірді. 1979 жылдың 12 желтоқсанында Кеңестер Одағының Коммунисттік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілді. Атырау облысы бойынша 718 жауынгер қатысты. Оның ішінде сол кезде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген 46 жерлесіміз де бар. Облыс көлемінде 13 жауынгердің денесі туған жерге темір табытпен әкелінді. Олардың қатарында Құлсары қаласының түлектері Болат Ербосынов пен Ерболат Омаров бар еді.
1980-82 жылдары Ауған соғысына қатысқан, Жылыой өңірінен шыққан аға офицерлердің бірі Қонаров Сисеннің соғыс кезінде қолданған заттары мен жауынгерлік ерлігі үшін алған марапаттары.
Манекен. Соғыс кезінде киілген гимнастерка.
Тәжік –Ауған соғысы кезінде қолданған заттар(консервілер, кружка, ашқыш). Және Тәжік-Ауған соғысының бейнесін көрсететін макет. Жасаған Сағынбаев Нұрлан.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшыларының шешімімен шекараның Тәжік-Ауған аумағын қорғайтын біріккен күш құрылды. Оның құрамында Қазақстанның атқыштар батальоны да болды. 1993 жылдың 15 сәуірінде ҚР Жоғарғы кеңесінің «Тәжік-Ауған учаскесіндегі ТМД-ның сыртқы шекарасын күшейту туралы» қаулысымен саны 500 адамға жететін жеке құрама атқыштар батальоны құрылды. Батальон құрамына десантшылардан бөлек шекарашылар мен ішкі әскер бөлімшелері кірді. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай бірлестіктің ұйымдастыруымен Ақтөбе-Ақтау бағытында автошеру ұйымдастырылған. Тәжік-Ауған шекарасында қарулы қақтығыстар кезінде қаза болған жерлесіміз Ерлан Мырзағалиевтің құжаттары мен суреттері алдарыңызда тұр.
RU
Экспозиция «Афганская и Таджикско-Афганская войны»
В витрине представлены сведения о военных конфликтах, а также фотографии ветеранов и использованные ими предметы.
- В 1978 году в Афганистане произошёл переворот, который перерос в затяжную войну. В 1979 году ограниченный контингент советских войск вошёл в Афганистан. 12 декабря 1979 года это решение было утверждено на заседании Политбюро ЦК КПСС и засекречено.
- По Атырауской области в Афганской войне участвовали 718 воинов, в том числе 46 земляков. В 13 случаях тела погибших были доставлены в родные места в железных гробах, среди которых выпускники г. Кулсары Болат Ербосынов и Ерболат Омаров.
- С 1980 по 1982 год участвовал в Афганской войне старший офицер из Жылыоя Сисен Қонаров. В экспозиции представлены его вещи, гимнастерка, а также награды за военные заслуги.
- Для демонстрации Таджикско-Афганской войны представлены личные предметы (консервы, кружка, открывалка) и макет боевой обстановки, созданный Нурланом Сагынбаевым.
- В 1993 году по решению руководителей стран СНГ был создан объединённый батальон для охраны таджикско-афганской границы, в который вошёл стрелковый батальон из Казахстана. Батальон включал десантников, пограничников и подразделения внутренних войск.
- В честь 70-летия Великой Победы была организована автошествие по маршруту Актобе–Актау. В экспозиции представлены документы и фотографии земляка, погибшего на Таджикско-Афганской границе, Ерлана Мырзагалиева.
EN
Exhibition: Afghan and Tajik-Afghan Wars
The display presents information about the armed conflicts, as well as photos of veterans and items they used.
- In 1978, a coup occurred in Afghanistan, which escalated into a prolonged war. In 1979, a limited contingent of Soviet troops entered Afghanistan. On December 12, 1979, the decision was approved at the Politburo of the CPSU Central Committee as a top-secret decree.
- In the Atyrau region, 718 soldiers participated in the Afghan war, including 46 locals. In 13 cases, the bodies of fallen soldiers were returned to their hometowns in iron coffins, among them graduates from the city of Kulsary: Bolat Erbosynov and Erbolat Omarov.
- From 1980 to 1982, senior officer Sisen Konarov from Zhylyoi participated in the Afghan war. The exhibition features his personal items, uniform (gymnasterka), and awards for his military service.
- To illustrate the Tajik-Afghan war, personal items (cans, cup, can opener) and a diorama of the conflict created by Nurlan Sagynbaev are displayed.
- In 1993, by the decision of the CIS leaders, a joint force was created to guard the Tajik-Afghan border, which included Kazakhstan’s rifle battalion. The battalion also included paratroopers, border guards, and internal troops units.
- In honor of the 70th anniversary of the Great Victory, a motor rally from Aktobe to Aktau was organized. Documents and photos of local soldier Erlan Myrzagaliev, who died on the Tajik-Afghan border, are displayed.

